САРЫАҒАШТА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

3

Сарыағаш ауданында заң мен тәртіпті сақтау, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру және Тәуелсіз елдің еңбек адамының рөлін кеңінен насихаттау мақсатында, сонымен қатар «жұмысшы мамандықтар жылы» аясында аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын алдында жас мамандардың кәсіби жетістіктері мен еңбектерінен құралған арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде колледж студенттері мен жас мамандардың қолөнер бұйымдары, өндірістік жобалары, шеберлік жұмыстары және оқу-өндірістік тәжірибелерінің нәтижелері таныстырылды. Аудандағы арнаулы орта білім беру ұйымдары көрмеге белсенді қатысып, өздерінің кәсіби даярлығы мен жетістіктерін паш етті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, мекеме басшылары, түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері, колледж студенттері және білім беру ұйымдарының жас қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, өз ісіне адал қызмет етіп жүрген кіші қызметкерлер де марапатталып, құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.