САРЫАҒАШТА 300 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ » ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

42

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш қаласына қарасты Б. Оспанов көшесінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аталған құрылыс жұмыстардың орындалу барысын қадағалады.Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде, сапалы түрде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда, ғимараттың ішкі тазалау жұмыстары және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk–Kazyna Construction» АҚ, мердігер – «А-Спецстрой» ЖШС-і.

Айта кетсек, салынған жаңа мектеп аудан тұрғындары үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушы орын тапшылығын азайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан болып табылады.