«АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР!»: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӘРІС САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

36

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларды көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдылау мақсатында аудан аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде дәрістер өткізілуде.

«Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай сипаттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларға жол жүру ережелерін үйретуде. Бала кішкентай кезінен бастап жол қозғалысы ережелері мен көшеде өзін қалай ұстау керектігі туралы білуге тиіс. Сондықтан біз балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында күн сайын жұмыстар жүргізудеміз»,-деді Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Ақтөре Көпбосын.

Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін жіті түсіндіру. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет екендігін ескерту. Өз кезегінде ювеналдық полиция бөлімінің инспекторлары өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді