АДАЛ АЗАМАТ — МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

177

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сунгатовна аудандағы Үкіметтік емесұйымдар және Қоғамдық кеңес өкілдері, ішкі саясат, құқық қорғау, әлеуметтік сала мамандары, жастармен «Адал азамат – мемлекет тірегі»атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қатысушыларды ҚР Президентінің

«Адал азамат» концепциясы, «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» туралы Заңыбойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

ҚазақстанРеспубликасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарын ілгерілету және көтермелеу жөніндегі

ақпараттық науқандар мен жобалар шеңберінде мемлекеттік органдармен,

қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Кездесуде жиынға қатысушылар тарапынан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын

бұзушылықтардың профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған

шараларға, заңға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар берді.

Адамның және азаматтардың құқықтары және бостандықтарын бұзушылықтардың куәсі болсаңыз ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сунгатовнаға жүгіне аласыз. Байланыс нөмірі: +77055074605

Мекен жайы: Түркістан қаласы, Жаңа Қалаш ш/а, 32 көше, ✓16, блок А