ҚҰРМЕТТІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ!

64

Сіздерді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты — еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау. Отандық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу.

Байқау қатысушыларының міндеттері:

  1. Байқауға қатысуға ұсынылған байқаудың міндеттері мен талаптарымен танысу;
  2. Ережедегі талаптарға сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
  3. Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
  4. Байқауға 18 және 34 жас аралығындағы Түркістан облысы жастары қатыса алады;
  5. Әр қатысушы бір ғана өтінім жібере алады;
  6. Байқауға реферат түріндегі жұмыстар қабылданбайды.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 31 мамыр күні, сағат 19:00-ге дейін orda_jas@mail.ru электронды мекен-жайында қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

8-707-381-31-51 Сайрамбай Дулат

Керемет мүмкіндіктің иесі болыңыз!