БҮГІН АУДАН ӘКІМІ АЗАТ ОРАЛБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС БОЛЫП ӨТТІ.

77

Күн тәртібінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, ветеринариялық қызметі бөлімінің атқарған жұмыстары және оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мәселелер қаралды.

Әр мәселе бойынша сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Өз кезегінде аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигондар мен елді мекендердің тазалығына байланысты бірқатар сын-ескертпелер айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуында да кемшіліктердің бар екенін тілге тиек еткен аудан әкімі аудандық салық басқармасының өкіліне тиісті бөліммен, ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп жұмысты жандандыруды тапсырды.

Аудан әкімі оқу жылының аяқталуына дайындық жұмыстары мен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін де пысықтады. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі мағыналы өткізу үшін жауапты мамандарға бірқатар міндеттер жүктеді.