АЛАЯҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАП БОЛСАҢЫЗ УАҚЫТ СОЗБАЙ ПОЛИЦИЯҒА ХАБАРЛАҢЫЗ

175

Соңғы кездері елімізде алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады.Тәптіп сақшылары алаяқтықты жасаушылардың көбіне әйелдер екенін айтады. Әккілердің құрығына алдымен түсетіндердің қатарын да нәзік жандылар құрайды. Олардың көбісі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге атап айтқанда, жұмысқа орналастырудан бастап, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға жұмыстарнына көмектесуге уәде етеді.
Алаяқтықтың негізгі принципі – өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл “еріктілік” алаяқтықты басқадай ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің алданғанын білсе де құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Біріншіден, оңай алданып қалғанына арланады, екіншіден, арыз түсіргеніммен ештеңе өнбейді деп есептейді. Үшіншіден, мұндай қылмысты дәлелдеу өте қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеуді қажет етеді. Алаяқтық адам психологиясын және оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген.
Бүгінде дәл осы алаяқтардың құрбаны болған жандардың қатары көбеймесе азаяр емес. Осы жағдайды негізге алған Түркістан қаласының прокуратурасы барша тұрғындарға алаяқтардан абай болуды ескертуден жалықпай келеді.
Сонымен бірге аталмыш орган тұрғындарға ескерту ретінде мына бір оқиғаны алға тартып отыр. Атап айтсақ, Түркістан қаласының прокуратурасы Атырау қаласында орналасқан «SICIM» компаниясына жұмысқа орналастырып беремін деп алдау арқылы алаяқтық жасады деген айыппен 1994 жылы туған М.Ә атты азаматқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол «WhatsApp» мессенджері арқылы чаттарға «SICIM» компаниясына жұмысқа орналастырып беремін деп жарнама жазып, адамдардың сенімін теріс пайдаланып алаяқтық жолмен 12 жәбірленушінің жалпы 1,5 млн. теңгеден астам ақшасын жымқырған. Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы М.Ә атты азаматтың жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған. Жәбірленушілерге келтірілген залал тергеу барысында жартылай өтелді.
Міне, сіз алданып, оны шұғыл түрде полицияға хабарламай уақыт созатын болсаңыз қолды болған қаржыңыз немесе мүлкіңіздің қайтарып алу мәселесі күрделене түсетіні сөзсіз. Сондықтан сақ болыңыз.