АУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖОСПАРЛАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

3

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш қаласын кешенді дамыту мәселелеріне арналған жұмыс жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабулов, Сарыағаш қаласының әкімі, сондай-ақ абаттандыру және инфрақұрылымға жауапты бөлім басшылары қатысты.

Талқылау барысында Сарыағаш қаласының әкімі Айыпхан Ешанқұл қаланы дамытудың бас жоспарын презентация түрінде таныстырды. Презентацияда қала аумағын жүйелі дамытуға бағытталған қалақұрылыстық құжаттамалар мен сызбалар ұсынылып, жобалар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А15 автожолын көркейту, қалаға кіреберіс аумақтарды абаттандыру және жалпы инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жобалар таныстырылды. Аудан әкімі ұсынылған құжаттарға қатысты нақты тапсырмалар берді.