КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

9

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXXVI сессия отырысына қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді депутаттардың қарауына ұсынды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  • «2025–2027 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
  • Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы;
  • Аудан аумағындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штаб құрамын бекіту;
  • Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы №15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Сессия барысында баяндамашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар жасалды. Талқылау қорытындысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Отырыста айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныс хаттар әзірленетінін атап өтті.