ҮШ ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласы аумағында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын саралау мақсатында Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барды.
Құрылыс алаңында болған Арман Абдуллаев мердігерлерге тұрғын үйлердің аудан халқының игілігіне пайдалануға берілетінін ескере отырып, барлық жұмыстарда сапа, қауіпсіздік және құрылыс нормаларының сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.
Қазіргі таңда, нысанда 45 жұмысшы еңбек етуде. Нысанның ішкі әрлеу, сыртқы бетін қаптау, сондай-ақ сыртқы су, электр және кәріз жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары жеке кәсіпкерлер тарапынан жүргізілуде.








