КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

6

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXVIII сессия отырысына қатысты.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, күн тәртібі бекітілді.

Жиын барысында Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы №5-52-VIII шешімінің күшін жойылды деп тану, және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету мәселелері қаралды. Жауапты сала басшылары тиісті ақпарат беріп, баяндама жасады.

Сессия соңында депутаттар ұсынылған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылдады.