АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУЫЛДАРДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

17

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға салалық орынбасары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.

Мәжілісте кенттер мен ауылдық округтердегі инфрақұрылымды жаңарту және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары талқыланды.

Ауылдық округтерде биыл атқарылған жұмыстар жеке-жеке қаралып, жүзеге асқан жобалар мен жыл соңына дейін аяқталуы тиіс нысандардың жұмыс барысы пысықталды. Ауылдық округтер мен кент әкімдерінің есептері тыңдалып, нақты тапсырмалар жүктелді. Әрбір бағыт бойынша жауаптыларға хаттамалық тапсырма беріліп, орындалу мерзімі белгіленді. Белгіленген мерзімде орындалуын қатаң бақылауда ұстау ескертілді.