АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17

Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізді.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №154 шешімге өзгерістер енгізу бойынша аудан әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков хабарлады. Баяндама бойынша депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бюджет көрсеткіштерін нақтылау бағытында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Сессияда қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан қажетті шешімдер бекітілді.

Сессия қорытындысында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз алып, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алдағы кезеңде жүзеге асатын жобалар туралы айтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған бастамалармен бөлісті.