КЕЗЕКТЕН ТЫС XXX СЕССИЯ ӨТІП, БІРҚАТАР ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті.
Басқосуға мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, оған аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала талқыланды.
Мәжіліс барысында бес мәселе қаралды. Төлеби ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі талқыланды. «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне, Ленгір қаласы, Алатау және Аққұм ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекітілді. Қызметтік автокөліктер мен арнайы техникалардың мақсатты пайдаланылуын талқылады.
Сессияға қатысып отырған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, мәслихат депутаттарын бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар, аудан басшысы Түркістан қаласында өткен инвест форумда инвесторлармен келіссөздер жүргізілгенін, алдағы уақытта бұл бағытта іссапарлар жоспарланып отырғанын айтты.
Депутаттар ұсынылған барлық мәселелерді талқылап, қажетті шешімдер қабылдады. Қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететіні атап өтілді. Сессияны қорытындылаған мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров депутаттардың белсенділігі мен жауапкершілігін атап өтті.







