САСТӨБЕ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

6

Састөбе кенті бойынша Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлерде профилактикалық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрттің алдын алу, газ және электр құралдарын пайдалану кезінде абай болу қажеттігі жөнінде кеңес берді.

Сонымен қатар, балалардың ойын кезінде қауіпсіздік шараларын қадағалау, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай түсіндірме жұмыстарын өткізу – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды шара болып табылады.