КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

4

 

Ынтымақтастықты дамыту – тұрақты әрі тиімді қарым-қатынас орнатудың, ортақ мүдде аясында нәтижеге жетудің негізгі тетігі.

Осы орайда, бүгін аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы бастаған ауданымыздың делегациясы Қытай елінің Санжы қаласындағы өндіріс ошақтарын аралап болған соң, өндіріс аймағындағы кәсіпорындардың басшыларымен дөңгелек үстел басында бас қосты.

Кездесуде ауданның экономикалық әлеуеті, табиғи ресурстары мен бизнеске қолайлы жағдайлар таныстырылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланып, ауданымыздың кәсіпкерлері мен Санжы өндіріс аймағының кәсіпкерлері арасында өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумдар қабылданды.

Сондай-ақ, Санжы қаласының кәсіпкерлік палатасының төрағасы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімі арасында алдағы уақытта достық қарым қатынасты нығайта отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстарды нығайту, ұзақмерзімді серіктестік орнату мақсатында екі жақты келісім орнады.

Жалпы жиынға Санжы қаласының 80-ге жуық бірлескен кәсіпкерлер палатасының 20 астам ірі кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиын соңында ауданымыздан барған делегацияны жылы қабылдап, қонақжайлық танытқан жандарға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.