АУДАН ӘКІМІ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУДА

Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев бастаған Түлкібас ауданынан Қытай еліне барған делегация іссапардың алғашқы күні Санжы провинциясының орталығы Санжы қаласына табан тіреп, ол жердегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуге бағытталған жоғары технологиялармен жұмыс істейтін бірқатар кәсіпорындардың өндірістік базаларын аралап, өндіріс алаңдарында болып, жұмыс жүйесімен танысты.
Жалпы аталмыш провинцияда халық саны 8,2 млн. халық болса, Санжы қаласында 800 мыңнан астам халық тұрады.
Өңірде елдегі ең ірі ауылшаруашылығы өнімдерін өндейтін өндірістік аймақ орналасқан. Онда, 3 мыңға жуық дәнді дақылдарды, сүт өнімдерін, мақта өндеу және т.б. ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс ошақары шоғырланған.
Кәсіпорындарды аралау барысында Асқар Сұлтанұлы бастаған топ, туризмді дамыту мақсатында тау бөктерлерінен «глэмпинг» қалашықтарын дамыту мақсатында дайын жылжымалы үйшіктер шығаратын кәсіпорынның жұмысына ерекше көңіл бөліп, зерделеді. Ол жерде бір үйшіктін бағасы орта есеппен 17-35 мың АҚШ доллары шамасында тұрады. Делегация құрамында ауданымыздан барған бірнеше кәсіпкер жылжымалы дайын үйшіктерге қызығушылығын танытып, келісім шарт түзуге ниет білдірді.
Бір аптаға жоспарланған іссапардың басты мақсаты – инвестициялық әріптестік орнату, тәжірибе алмасу және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастыру.








