КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

4

Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлменнің төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелерімен қатар, сала мамандары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Олар: кешкі мектепке ауыстыруға байланысты ұсыныстар, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, аудандық білім бөлімі тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есебі турасында өтті.

Жиында білім бөлімі кәмелетке толмағандармен жүргізілген профилактикалық жұмыстар, қиын жағдайдағы балалар мен отбасылармен байланыс, құқықтық қолдау және алдын алу шаралары бойынша мәлімет берді.

Комиссия мүшелері ұсынылған ақпараттарды талқылай келе, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, қауіп тобындағы отбасылармен жұмысты күшейту, білім мекемелеріндегі профилактикалық қызметтің тиімділігін арттыру, жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау.

Сонымен қатар 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, кәмелетке толмағандарды құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау бойынша кешенді іс-шараларды сапалы орындау тапсырылды.

Жиын соңында комиссия мүшелері бала құқығын қорғауда барлық мүдделі мекемелер мен мамандар бірлесе әрекет ету керектігін атап өтті.