САСТӨБЕ КЕНТІНДЕГІ КӘРІЗДІК СОРҒЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

3

Аудан әкімі Асқар Естібаев ауызсу және кәріз жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін үнемі назарда ұстап келеді. Осы мақсатта аудан басшысы Састөбе кентіне арнайы барып, 2020 жылы пайдалануға берілген кәріздік сорғы станциясының жұмысымен танысты.

Мұнда кәріз суларының тасып, жақын маңдағы канал суына араласу фактісі көтерілді. Бұл экологиялық тұрғыда өте өзекті мәселе ретінде қаралып, аудан басшысы жағдайды жедел бақылауға алды.

Аталған нысан қазіргі таңда “Тұраркент су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгерімінде. Мәселенің мән жайын талқылаған аудан басшысы жауапты сала мандарына тез арада сметалық құжаттарды дайындап, бюджеттік өтінім ретінде ұсынуды тапсырды. Құжаттар мен қаржы бөлінген жағдайда ағымдағы жөндеу жұмыыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, аудан басшысы нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша күзетші штатын ашу қажеттігін де атап өтті.