«ЖАС ШЕБЕР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен аудандық колледж студенттерінің қатысуымен «Жас шебер – 2025» байқауы өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов, Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және жастардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау 4 бағыт бойынша өтті:
«Үздік аспаз»
«Үздік тігінші»
«Үздік дәнекерлеуші»
«Үздік автомеханик»
Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби дағдыларын ортаға салды. Қазылар алқасының бағалау нәтижесінде үздік деп танылған жастар дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
⸻
ЖЕҢІМПАЗДАР:
«Үздік аспаз»
I орын – Махмудова Гүлзия, Ордабасы ауданы
II орын – Орынбасар Бекзат, Бәйдібек ауданы
III орын – Боранбай Арайлым, Отырар ауданы
«Үздік тігінші»
I орын – Базарбай Аружан, Бәйдібек ауданы
II орын – Омарова Ақмоншақ
III орын – Нусбатова Нулифар, Сауран ауданы
«Үздік дәнекерлеуші»
I орын – Абдикаримов Артём, Сауран ауданы
II орын – Сары Ерсұлтан, Отырар ауданы
III орын – Қалдыбек Марғұлан, Ордабасы ауданы
«Үздік автомеханик»
I орын – Өміртай Ердәулет, Отырар ауданы
II орын – Қоштай Нұрбақыт, Бәйдібек ауданы
III орын – Бақтияров Нұрсұлтан, Сауран ауданы
Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар арнайы номинациялар бойынша да марапатталды. Әрбір жас өз дарынын дәлелдеп, жаңа тәжірибе жинақтады.
Байқау — жас мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, болашаққа сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.








