Инклюзивті қоғам – өзгелермен бірге даму

71

Түркітан облысының тұрғындарының назарына Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамыту бағытында әлі де ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы және одан хабардар ету үшін ақпараттарымызды ұмынамыз. Инклюзивті білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Соның бірі- нклюзивті білім беру. Инклюзив-сөзі латын тілінен аударғанда-”өзімді қосқанда” ал, ағылшын тілінен аударғанда” араластырамын” деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру барысы- қазіргі таңда жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сыныптар, арнайы білім беру орындары, арнайы мектепке дейінгі білім беру орындарының оқу әрекетіне енгізіліп отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50% психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар және аутизм, жүйке жүйесі бұзылған, ақыл ой белсенділігі төмен балалар құрайды. Психикалық даму тежелісі (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі. Мұдай балалар мектепте және үй жағдайында ерекше қадағалауды қажет етеді. Бұл балалармен жұмыс істеу арнайы біліммен қатар бұл балалармен жұмыс істеудің нақты жолдарын білуді, оларды танып білумен қатар, оларға арнайы түзеу жұмыстарын ұйымдастырып, мұғалімге және ата-анаға бағыт-бағдар бере білу керек. Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері- жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;барлық балаға бірдей қарым-қатынас, балалар арасында дискриминация болдырмау, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.