ТҰРҒЫНДАРДЫ МАЗАЛАҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДУДЕ

27

Аудан әкімі Асқар Естібаевтың ағымдағы жылдың ІІ-жартыжылдығы қорытындысымен аудан тұрғындары алдында берген есептік кездесулерінде 190-нан астам мәселе көтерілген болатын.

Бүгін аудан басшысы аудандық Мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты орынбасарымен бірге сол тұрғындардан есептік кездесулерде түскен өтініш-ұсыныстарды жауапты мамандармен зерделеп, шешу жолдарын пысықтау мақсатында Шақпақ, Жабағылы, Күмісбастау, Тастыбұлақ, Рысқұл елді мекендері мен Түлкібас кентін арнайы аралады.

Тарқатып айтсақ

Бақыбек мектебіне барар жолға жасанды жол кедергілерін орнату мәселесі;

Шақпақ-баба ауылының кіре-берісіне тал көшеттерін егетін жер телімін нақтылау және орталығындағы футбол алаңының айналасын қоршау мәселесі;

Жабағылы ауылындағы орталық саябақ аумағын ретке келтіру ,спорт нысаны мен балалар ойын алаңшасын соғу мәселесі;

Күмісбастаудағы жөндеуді қажет ететін көше мен күре жолға аялдама қою мәселесі;

Түлкібас кентінен қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жер қарастыру. Жөндеуден өткен Көбей көшесіндегі кемшіліктерді анықтап, жою. Байсеріков көшесіне жаңбыр сулары ағып кету үшін науа (лоток) қою мәселесін пысықтап, жаңадан соғылып жатырған спорт нысанының құрылысын бақылады.

Жәрімбетов ауылынын Тастыбұлақ-Майтөбе бағытына шығатын жол түсетін жерді зерделеді. Аталған жол түскен жағдайда автокөліктер Түлкібас кентіне кірмей Тастыбұлақ және Майтөбе ауылына айналма жол арқылы өте алады.

Тастыбұлақ ауылан Батыс Еуропа -Батыс Қытай автодәлізіне шығатын жолдың жағдайын бақылап, оны жөндеуден өткізу мәселесін пысықтады.

Рұсқұл ауылындағы Рұсқұл мектебінің сыртын қаптау мәселесін зерделеді.

Асқар Сұлтанұлы аралу барысында біршама мәселелерді биыл жылдың соңына дейін шешуді тапсырса, қаржыны талап ететіндеріне тиісті құжаттарын әзірлеп, келесі жылдың облыстық және аудандық бюджетіне ұсынуды жауаптыларға тапсырды.