«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шараға Сауран аудандық «Мансап» орталығының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу тәртібі және бос жұмыс орындарын ұсыну» тақырыбы аясында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу жолдары, электрондық қызметтерді пайдалану тәртібі және шағымдану тетіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.







