АУДАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

130

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан бойынша жаппай сенбілік өтті. Сенбілікте көше бойларын тазалау, қоқыстарды шығару, ретсіз қоқыстарды жою, ағаштар егу мен аяқжолдарды тазарту, ағаш бұталарын отырғызу секілді бірқатар жұмыстар атқарылды.

Тазалықтан бөлек, ағаш жұмыстары да жүргізілді. Қолдарына күрек ұстаған табиғат жанашырлары күре жол бойына ағаштар отырғызды. Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтармен қамтамасыз етілді.

Тілсіз таза табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау ол сізбен біздің басты міндетіміз. Осы ретте, барша тұрғындардан еңбекті бағалауды, көлікте, көшеде жүргенде бей-берекет қоқыс тастамауды сұраймыз.

Айта кетейік, жалпы ауданда көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірқатар шаруалар атқарылып жатыр.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі