САУРАНДЫҚТАР «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІН ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРМЕН ӨТКІЗДІ

155

Бүгін Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында ауданның «Алтын күз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Жалпы айтқанда, Сауран ауданы «Алтын күз» мерекесін мерейлі жүзбен қарсы алды. Бұл тамаша да жарқын мереке барша саурандықтардың дәстүрлі мейрамына айналып келеді. Тарихи топырақта бой көтерген жаңа ауданның құрылғанына 2 жылдан аса уақыт өтті. Аз уақыттың ішінде Сауран ауданы толықтай құрылып, облысымыздағы өзіндік орны бар аудандардың қатарына қосылып үлгерді.

Ауданның басты перспективасы – ауыл шаруашылығы саласы. Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда ауыл шарашылығы еңбеккерлерінің жұмыстары ерен екенін айтуымыз керек. Аудан бойынша биылғы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантарлық десек болады.

“Алтын күз” мерекелік шарасы алдымен ауданның ауыл шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы бейне фильм арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Бұдан соң мерекелік жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Садибаев сөз сөйлеп, ауыл шарушылық саласының еңбеккерлерін толайым табыстарын айта келе, мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында жемісті қызмет атқарып жүрген бір топ азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылық саласы бойынша озат ауылдық округтер қатарынан көрінген 3 ауылдық округі әкімдері марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі 3 орынды Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Абдәкірімов алса, 2 орынды Иассы ауылдық округінің әкімі Санжар Тұрметов ие болды. Ал, Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Саитов 1 орыннан көрінді. Сонымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ауыл шаруашылық еңбеккерлерін «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, бір топ азаматқа алғас хат пен сый-сияпаттарын табыстады.

Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2023» мерекелік шарасында ауданымыз «Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруден және су үнемдеу технологияларын ендіруден» озат аудан атанып, мерейіміз тасығанын атап өткен жөн.

Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі