«ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

129

«Жібек жолы» саябағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өтті. Спорттық шараға Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Сауран ауданы мәслихатының депутаттары, Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері, спорт саласы қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар және белсенді жастардан құралған жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Сауран ауданынан мәслихат депутаттарымен 70-тен астам тұрғындар, жастар, мемлекеттік қызметшілер қатысып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосты.

Денсаулыққа қарай бағытталған акцияның ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслимова мен Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев акцияға қатысып, халық саулығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік ұстанымды ілгерілетуге үлес қосып жатқан барлық азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Іс-шараның басты мақсаты

бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, облыс халқын отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Осы бағытта облыста салауатты өмір салтын қалыптастыратын түрлі спорттық шаралар өткізілуде. Соның тағы бір айғағы – бүгінгі «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы.

Елімізде дене шынықтыру мен спорттың мәртебесін көтеру және барынша қолдау Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Осындай бағытта ұйымдастырылған акцияға қатысушы ардагерлер мен ең жас қатысушылар және спортшы жастарына сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі