ТҮРКІСТАНДА ТӘУЛІГІНЕ ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ?
Мыңжылдықтардан сыр шерткен көне шаһарымыз облыс орталығы болғалы бері мұнда көптеген өзгерістер орын алды. Қала келбеті күннен-күнге көркейіп, дамуда. Осыған байланысты келетін туристер саны да жылдан-жылға артуда. Біз осы материалымызда Түркістанда қала тұрғындары мен туристердің 1 күндік шығыны қанша болатыны жайында сөз қозғайтын боламыз.
Тамақтану
Түркістанға келген туристер тамақтануға қанша ақша жұмсайтынын білу мақсатында сауалнама жүргіздік. Сауалнама барысында Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелден келген әр түрлі жастағы туристерге бірнеше сауалдар қойылды. Сауалнама қорытындысы бойынша, туристер 1 адамға күніне орташа есеппен 7-10 мың теңге жұмсайтындарын жеткізді. Ал, отбасымен келгендер 1 мезгіл тамақтың өзіне 8-10 мың теңге жұмсағандарын айтады.
(P.S. Автор: Дей тұрғанмен де бұл қатып қалған баға еместігін айта кеткен жөн. Бұдан аз да, көп те болуы мүмкін. Сапар барысында ас ішуге қанша ақша жұмсайтыныңыз сіздің қайда барғаныңызға байланысты болмақ).
Сауалнамаға қатысқандардың 90%-ы қаламыздағы тамақтану орындарындағы ас мәзірі мен қызмет сапасына көңілі толатындарын айтады. Туристер көбінесе тұрақтаған қонақ үйінен, кесене мен керуен сарай маңындағы кафелерден тамақтанатыны белгілі болды. Сондай-ақ, респонденттердің 20%-ы туыстарының үйіне қонаққа келгендіктен тамақтану тегін болып жатқанын айтады.
Ал, қала тұрғындары сырттан тамақтанар болса 1 адамға шамамен 3-5 мың теңге көлемінде жұмсайды. Бұл, әрине күні бойы емес, 1 мезгіл тамақтану бағасы.
Қаламыздағы ең арзан кафе «Astau» ұлттық тағамдар орталығы. Ондағы тамақтану құны 2500 теңге болады. Ал ең қымбат кафе «Top Tobe», «Grand Hall». Мұнда 1 адамға орташа есеппен 10-15 мың теңгекетеді.
Жол ақысы
Түркістан қаласы еліміз бойынша жол ақысы ең төмен аумақ ретінде ерекшеленеді. Қоғамдық көліктерде жол ақысы жетпіс теңге. Қоғамдық көліктердің өздерінің арнайы бағыты болады, яғни сол бағыт бойынша жүріп отырады. Біздің қалада индрайвер, яндекс, регион таксилері жолаушы ұсынған баға бойынша жүреді. Мысалы ретінде «Қуаныш» сауда үйінен «Керуен сарайға» дейін жол ақысы алты жүз теңгені құрайды. Қоғамдық көлік жолаушыны діттеген жеріне дейін жеткізіп салады. Жолаушы бағаны өзі ұсына алады. «Керуен сарай» кешенінде қала қонақтары мен тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. «Керуен сарайда» қайықтар бағасы адам басына бес мың теңгені құрайды. Келген туристер, қала тұрғындары «Керуен сарай» кешенін қайық арқылы аралай алады, сонымен қоса «Керуен сарай» кешенінде жеңіл алты адамдық көліктер бар, адам басы бес жүз теңге. Жеңіл алты адамдық көлікпен Тұңғыш президент саябағынан Керуен сарай кешенін аралауға болады. Түркістан қаласында жол-күре есеппен алғанда қала тұрғындары мен туристер үшін де кемінде бес жүз, алты жүз теңгені құрайды.
Ойын-сауық
Ойын-сауық алаңы туристердің көзіне бірден ілінетін жер болып табылады, сондай жерлердің бірі «Керуен сарай» кешені. «Керуен сарайға» кірсеңіз шығыстың ертегілер әлеміне енгендей боласыз. Бұл кешеннің ішінде балаларға және ересектерге арналған ойын алаңдары, аттракциондарда бар. Ойын алаңдары-ның бағалары туристер үшінде жергілікті тұрғындар үшін де қол жетімді, бір адамға орта есеппен 3000 теңге дей кетеді. Жалпы, Түркістанда туристтердің көзіне түсетін, «Жібек жолы» саябағы көз тартарлық Тұңғыш Президент саябағыда бар. Ең қымбат ойын-сауық орталығы «Khanshayim Plaza» кешеніндегі «Funky Townда» 1 балаға 3000 теңге. Ең арзаны «Жібек жолында» 500 теңгені құрайды.
Қонақ үй
Бір күнге келген туристер қонақ үйлерге немесе таныстарына, туған-туыстарының үйіне қонақтайды. Қонақ үйлердің бағасы 13900-дан басталып 55000-ға дейін 1 бөлмелік. Пәтер жалға алатын болса 1 бөлмелік үйлер 6000-нан басталады және орналасуына байланысты қымбаттай береді. Мысалы «Кереуен сарайдың» жаныңдағы 1 бөлмелік элитный үйлердің бағасы 20000 теңгеден 2 бөлмелік үйлер 25000 теңгеден басталады. Және ең қымбаты қазіргі таңда 120000 болып тұр.
Жергілікті тұрғындардың пәтер бағасының 1 айлық құны 1 бөлмеге 70000 теңгеден басталып, орналасуына байланысты 140000-ға дейін қымбаттай береді. 2 бөлмелік пәтердің бағасы 80000 теңгеден 230000 теңгеге дейін барады. Ал, 3 бөлмелі пәтерлер 150000-нан басталып, Керуен сарайға жақын орналасқан пәтерлер 400000 теңгені құрап отыр.