УӘДЕ БЕРДІҢІЗДЕР – НАҚТЫ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАҢЫЗДАР

8

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекенінің тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі айтылды.

Аудан әкімі түйткілді мәселені шешу үшін тиісті сала жетекшілерінен нақты есеп алып, жұмыстардың сапалы әрі мерзімді атқарылуын қатаң бақылауға алуды салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа тапсырды.

-Уәде бердіңіздер ме – нақты мерзімінде орындаңыздар. Жұмыстың сапасы бірінші орында. Әрбір тұрғын үйді аралап, су берілгенін жеке-жеке тексеріңіздер, – деп аудан басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді.

Дастан елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында «Сарыағаш ТСЖ» мекемесінің Құркелес елді мекеніндегі ауыз су жүйесінен Дастанға дейін магистральді құбыр тарту жобасы нақтыланған. Қазіргі таңда, «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК тарапынан су құбырын тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, оның 95 пайызы аяқталған. Ендігі кезеңде құбырды «Сарыағаш ТСЖ» мекемесінің магистральді желісіне қосу жоспарланып, ауыз суды іске қосу мерзімі белгіленді.