ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық әкімдік аппаратының өкілдері, мәслихат депутаттары және жауапты бөлім басшылары қатысты. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы жүргізді.
Сессияның күн тәртібіне екі маңызды мәселе енгізілді. Атап айтқанда:
– Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VIII «2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
– Түркістан қаласының өңірлік нышанының сипаттамасы мен бейнесін бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.








