ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарда жүріп жатқан тұрғын үй құрылыстарының барысын бақылап, нысандардағы жұмыс қарқынын бағамдады.
Бүгінде Түркістан қаласында әлеуметтік 512 пәтерлі — 6 тұрғын үй және 1232 пәтерлі 24 кредиттік үй салынып жатыр.
Қала басшысы әкімдік тапысырымен салынып жатқан 5,2 гектарды құрайтын арендалық және кредиттік «Жібек жолы» тұрғын үй кешені мен Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда Отырар мөлтек ауданындағы тұрғын үй құрылысы толық аяқталып, Отбасы банкі арқылы — 600 пәтердің конкурсы өтуде.
Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс сапасын басты назарға алып, мердігер мекеме басшыларымен кездесу барысында кемшіліктерді ретке келтіріп, талапқа сай, уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламалар аясында кезең-кезеңімен жүзеге асып, халықты баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.








