ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

5

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы төрағалық етіп, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және тиісті сала өкілдері қатысты.

Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды. Жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты жағдайлар және оларды шешу жолдары пысықталды.

Мәжіліс соңында қала басшысы жауапты сала басшыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, ақпараттық кеңістікті жақсартуға атсалысуды, ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіруді, ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды.