Еңбекші ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Қаратөбе аумағы тұрғындарымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірі топырақ көшелерге шағал тас төсеп беру бойынша өтініштерін білдірді.
Бүгінде тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Базарқақпа тұрғын алабы Абдулабад көшесі 1 км, Тұрдыабад тұрғын алабы Н.Ризаев көшесі 0,3 км, Бадам-1 тұрғын алабы Досметов көшесі 1,5км, Жаңақұрылыс (МТФ) көшесі 0,3 км топырақ көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «ПРИМЬЕР СТРОЙ» ЖШС-і атқаруда.