ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАРАСЫ ҚАЛЫҢ

26

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда.

Кейбір дауыс беру учаскелерінде таңғы сағаттан бастап сайлаушылардың үлкен кезегі түзілген. Түркістан облысы — еліміздегі ең тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі, сондықтан таңғы сағат 07:00-ден бастап халықтың қарасы қалың болды.

Тұрғындар отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға асығуда. Бақылаушылар мен учаскелік комиссия мүшелерінің хабарлауынша, кейбір нысандарда адам көп болғандықтан кезек қалыптасқан. Дегенмен, дауыс беру процесі заңға сәйкес, ұйымдасқан түрде өткізіліп жатыр.

turkistan