«ТҰРАН» КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдауға қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Маңызды саяси науқан аясында ел азаматтары өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді қатысуда.
Осы маңызды күні «Тұран» спорт клубының ойыншылары да азаматтық борыштарын орындап, референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Клуб өкілдері дауыс беру процесін заңдылыққа сай және тәртіппен өткізілгенін атап өтті.
Референдум – елдің болашағын айқындайтын тарихи оқиғалардың бірі болып табылады. Сондықтан спортшылар да саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
turkistan #референдум2026














