Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

🎾 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
🎾 Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
🏆 Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде түркістандық теннисші Мотохару Абе (Жапония) – Агасси Рашер (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Зангар Нурланулы успешно стартовал на юниорском «Ролан Гаррос»
17-летний казахстанский теннисист Зангар Нурланулы уверенно преодолел первый круг юниорского Открытого чемпионата Франции по теннису.
В стартовом матче представитель Казахстана встретился с британцем Марком Чебаном, занимающим 36-е место в рейтинге ITF среди юниоров. Нурланулы контролировал ход встречи и одержал уверенную победу в двух сетах со счётом 6:3, 6:4. Продолжительность матча составила 1 час 37 минут.
Благодаря этой победе Зангар вышел в 1/16 финала турнира серии «Большого шлема», проходящего в Париже. В следующем раунде теннисист из Туркестанской области сыграет с победителем матча между японцем Мотохару Абэ и американцем Агасси Рашером.
Пресс-служба акима Туркестанской области













