БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҚ ШАРАЛАРҒА КЕҢ ЖОЛ АШЫЛУДА

136

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны — 40558 адамды, яғни Сауран ауданы халық санының 42,1 пайызын құрайды.

Сауран ауданындағы спорт ғимараттарының саны 133-ке жетті. Оның ішінде, үш спорттық кешен, бір спорттық манеж, бір футбол манежі, атқыштар тирі 13 жерден ашылды. Спорттық алаңдар сексенге таяса, спорттық залдары қырыққа жуықтады.

Сонымен қатар, Сауран ауданына қарасты он екі ауылдық округінде Кентау қаласына қарасты БЖСМ-де спорттық үйірмелерге қатысатын спортшылардың саны — 1046 адамды құрайды.

Өткен жылы Сауран ауданының Шорнақ, Аша, Достық, Шекербұлақ, Майдантал елді мекендерінен спорт алаңшалары салынып, халыққа пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Сауран ауданынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу бойынша Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдыға аудан әкімінің атынан ұсыныс хат жолданып, биылғы жылы спорт мектебі ашылады деп күтілуде.

Спорт саласындағы жеткен жетістіктер бойынша ауыз толтырып айтуға болады. Биылғы жылдың наурыз айында үстел теннисінен 2008 жылы туылған одан кіші жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионатынан Сауран ауданы Майдантал ауыл округінің тұрғыны 7-сынып оқушысы Ибахан Санжар Батырханұлы жүлделі І орынды иеленді.

Жоспарға сәйкес биылғы жылдың бірінші тоқсанында алпыс спорттық іс-шара өткізілді. Олардың ішінде волейболдан-12, футболдан-14, еркін күрестен-8, тоғызқұмалақтан-6, қазақша күрестен-11, дзюдодан-5, бокстан төрт спорттық шаралар өткізілді.

Биыл Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық спорт — ұлт қуаты» тақырыбында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен қазақ күресінен 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншілік өткізілді.

Сауран ауданында Наурыз мерекесіне орай, онкүндік іс-шара жоспары аясында, «Дәстүрлі шара — денсаулық кепілі» атты ауданаралық марафон ұйымдастырылып өткізілді.

Әсіресе, атап өтерлігі бұқаралық спорт шараларын өткізетін спорт мектептерін салушы кәсіпкерлер қатары өсе түскен. Мәселен, «Муютов» жеке кәсіпкері Хуршид Бабажанұлы Қарашық ауыл округінде орналасқан баскетбол, шахмат, волейбол, ауыр атлетика, үстел теннисі, футбол спорт түрлерін қамтитын залдарды ашты. Жеке кәсіпкер Давран Дадажанұлы «Мирзараимов Давран» Шаға ауыл округінде орналасқан гандбол, үстел теннисі, қазақ күресі, волейбол, дзюдо, футбол, шахмат спорт түрлерін қамтитын арнайы залдар ашып берді.

«Барыс»- жеке кәсіпкері Ғалымхан Сүлейменов Шорнақ ауыл округінде орналасқан шахмат, үстел теннисі, таеквондо спорт түрлері қамтылған залдар ашты. «Алпамыс М»- жеке кәсіпкерлігінің Қарашық ауыл округінде орналасқан Талғат Мұсабековтің залы футбол, волейбол, шахмат, дзюдо спорт түрлерін қамтиды.

Бұл спорт залдарындағы ойындарды және секцияларды қаржыландыру Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы арқылы жүргізіледі.

Биылғы бірінші тоқсанда және өткен жылы Сауран аудандық мәдениет үйі және оған қарасты 15 ауылдық клубтардың ұйымдастыруымен 144 мәдени іс – шара өткізілді. Қамтылған адам саны –15635- ке жетті. Ауданда үйірме саны – 37 болса, оған қатысушылар саны – 354.

Атап айтар болсақ, Сауран аудандық мәдениет үйінде «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» атты мерекелік іс – шара, «Шахсарай» салтанат сарайында «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс – шара өткізілді.

Биылғы жылы төрт ауылдық клубтарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйі, Ораңғай, Сауран, Теке ауылдық клубтары.