САЛАНЫҢ АЛҒА ЖЫЛЖУЫНА КЕДЕРГІЛЕР ДЕ КӨП

143

Саланың басты проблемаларын атап өтер болсам, ағымдағы жағдайды талдау негізінде саланың мынадай проблемаларын бөліп көрсетуге болады.

Әлі күнге дейін аудан көлемінде балалар кітапханасы ашылмаған.

Қосмезгіл, А.Үсенов, С.Қожанов, Мәшһүр Жүсіп кітапханалары жалдамалы жекеменшік үйде орналасқандықтан дербес ғимараттарды қажет етеді. Бабайқорған, Шекербұлақ, Құсшы ата кітапханалары апатты жағдайда болғандықтан, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Сауран ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу қажет. Сауран ауданының тұрғындары дене шынықтыру және бұқаралық спортпен жүйелі шұғылдануы үшін спорт нысандарын әлі де көптеп ашу керек. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында спорт мектептерін ашу кезек күттірмейді. Аудан көлемінде өткізілетін спорттық іс-шаралардың санын арттыру, ауылдық жерлердегі спорт инфра-құрылымын дамыту көзделеді.

Балалар-жасөспірімдер спортымен жүйелі түрде айналысатын балалардың төмен қамтылуы алдымыздан шығып отыр. Спорттық жабдықтармен ауылдық жерлерде қамтамасыз ету, Сауран ауданының ауылдық округінде Кентау қаласына қарасты штаттарды Сауран аудандық спорт клубының теңгеріміне өткізу қажет екендігі белгілі болып отыр.