БҮГІН АУДАН ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

504

Бүгін аудан прокуратурасының бастамасымен өндірістегі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді және пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті және құзырлы органдарының қатысуымен мекемеаралық жиналыс өткізілді.

Жиынға аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының басшысы, аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы және учаскелік полиция инспекторлары, аудандық пробация қызметінің бастығы мен қызметкерлері, аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

Жиын барысында аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысымен жұмыссыздарды жұмыспен қамту бағытында мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері, сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен өз кәсібін бастаушы азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін көмектер, қайтарымсыз гранттар және басқа да жеңілдіктер жөнінде түсіндірме беріліп, оларға қол жеткізуге қойылатын талаптары талқыланды.

Борышкерлер мен есепте тұратын тұлғалар өздерінің сұрақтарына уәкілетті органдар мамандарынан тиісті жауаптарын алды.

Сондай-ақ, мекемеаралық жиналыста аудан аумағында жұмыс жасап жатқан мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың, пробация қызметі бөлімі басшысының есептері тыңдалды.

Жиналыс нәтижесімен аудан прокуроры Даулет Тлемисовпен жергілікті атқарушы, құқық және құзырлы органдардың басшыларына күнделікті жұмыс барысында қамтылуға жататын нақты хаттамалық ұсыныстар беріліп, оның орындалуы аудан прокуратурасының бақылауына алынды.

Аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.