ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ
Ауданымыз аграрлы өңір болғандықтан аудан экономикасының негізі ауыл шаруашылық саласы екендігіне еш күмән жоқ. Сондықтан аталмыш салаға ден қойған аудан басшылығы ауданымыздың ауыл шаруашылық саласының өсіп –өркендеуі жолында жүйелі жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде қазіргі күнде аудан көлемінде 44 мың гектарға жуық суармалы жер болса, жайылымдық жердің үлесі 600 мың гектар. Сонымен қатар ауданымыздағы мал шаруашылығы да жыл санап өсіп-өркендеу үстінде. Нақтырақ айтсақ 78712 бас мүйізді ірі қара, 491667 бас уақ мал, 27835 бас жылқы, 12256 бас түйе және 55 мыңнан аса құс түрлері өсірілуде. Бұл әрине жаман нәтиже емес. Ал енді ағымдағы жылдың жарты жылында не атқарылды, қандай жұмыстар жүзеге асты дегенге келсек.
Ағымдағы жылдың басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен «Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 ж.ж. арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында ауданымызға 14 көрсеткіш бекітіліп берілген болатын. Осы жөнінде нақтырақ айтсақ:
- Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 44,9 млрд теңге болса қаңтар-мамыр айларындағы статистикалық мәліметке сай 7,6 млрд (НКИ 95,1 %) теңге болып, 17,0 пайызды құрады. Оның ішінде:
Өсімдік шаруашылығы: 26,5 млн теңге
Мал шаруашылығы: 7,5 млрд теңге
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар жоспары 8,4 млрд теңге болса, қаңтар-сәуір айларында орындалуы 56,5 млн теңге (6,0 пайыз). (Аққұм, Балтакөл, Көксарай, Қарақоңыр, Қарғалы, Талапты, Темір ауыл округтерінде ауыл шаруашылығына инвестиция тартылмаған).
- Тамақ өндірісіне салынған инвестициялар жоспары 460,4 млн теңге, қаңтар-сәуір айларында орындалуы 0,6 млн теңге немесе 0,1 пайыз. (Аталған көрсеткіш бойынша бірде-бір ауыл округінде инвестиция тартылмаған)
- Егіс көлемін ұлғайту бойынша 33 470 га жерге егіс егу жоспарланып, ауыл округтерінің мәліметіне сәйкес, жоспар 100 пайызға орындалып отыр. Егістіктің 4 – СХ есебі статистика басқармасына толығымен тапсырылды. Алайда дәндік жүгері дақылының межеленген көлеміне 1000 га жуық есебі тапсырылмаған. Себебі, Талапты ауыл округінің жоспары 1375 га болса, есеп тапсырғаны 760 га, Қарғалы ауыл округінің жоспары 1250 га болса, тапсырылғаны 850 га. Аудан бойынша жалпы егістен мақта және жоңышқа дақылының есебінен 100 пайызға шығып отырмыз. Нәтижиесі алдағы айларда шығады.
- Су үнемдеу технологиясын енгізуге 1900 га жерге орнату жоспары берілсе, бүгінгі таңда 1030 га жерге орнатылды. Атап айтқанда Ақтөбе, Көксарай, Қарақоңыр, Қарғалы ауыл округтерінен 6 жоба іске қосылған. Қалған ауыл округтерінде жоспар мүлдем орындалмаған.
6.Минералдық тыңайтқыштарды енгізуге 4000 тонна жоспар берілсе, бүгінгі таңда орындалуы 2500 тонна немесе 62,5 пайыз. Қазіргі таңда жаппай суару маусымы басталуда. Шілде айының соңына дейін жоспар толығымен орындалды.
7.Ауыл шаруашылығы техникаларының 97 бірлігін жаңалау жоспарланса, орындалуы 30 бірлік немесе 31,0 пайыз. (Аққұм, Балтакөл, Көксарай, Қарақоңыр, Қарғалы, Темір ауыл округтерінде бірде-бір жаңа техника алынбаған)
Биылғы жылдың мал шаруашылығы саласының көрсеткіштеріне келсек;
- ІҚМ саны жоспар 57 мың бас болса, орындалуы 78 712 бас 138 пайыз.
- Ұсақ мал басы санының жоспары 345 мың бас болса, орындалуы 453 616 бас немесе 131 пайыз.
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басының үлесі.
- Жалпы санын 36 600 басқа жеткізу жоспары берілсе, орындалуы 32 080 бас немесе 87,7 пайыз.
- Тұқымдық түрлендірумен қамтылған мал басы санының жоспары 21 мың бас болса, орындалуы 7 248 бас, яғни 34,5 пайызды құраған.
- Жалпы мал басының 57 пайыз үлесіне жеткізу жоспары берілсе, орындалуы 22,6 пайызды құраған.
Қаңтар-мамыр айларындағы мәлімет бойынша, жалпы 19 көрсеткіштің 1 көрсеткіші толық орындалса, қалған 18 көрсеткіштер жыл соңына дейін толық орындалады деп жоспарлануда.
Жеңілдетілген жанар-жағармай бойынша айтар болсақ;
Аудан көлемінде 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-нің тарапынан 301 өтінім тапсырылып 28 331,9 гектар жерді игеруге 665,63 тонна жанар-жағармайды алуға өтінім қабылданды. Жеткізуші оператор болып «Ұлы Орда-01» ЖШС тағайындалды, сатылу бағасы 249 тг/литр.
Бүгінгі таңға алынуға тиісті 665,6 тн жанармайдың небәрі 268 тоннасы яғни 40,0 пайызы ғана алынған. Бұл жұмыстар бойынша Қарақоңыр, Қарғалы, Отырар, Талапты ауыл округтерінен бірде-бір литр жанармай алынбаған.
Сонымен қатар күзгі дала жұмыстарына қажетті жеңілдетілген жанар-жағармайға өтінім беру ағымдағы жылдың 1-20 мамыры аралығында өтінім тапсыру жұмыстары жүргізілген, алайда өтінім беру барлық ауыл округтерінде өте төмен деңгейде жүргізілген. Атап айтар болсақ, слайдта көрсетілгендей барлық ауыл округінен 139 АШТӨ-ден 15 303 га жерге 786,6 тонна жанар-жағармайға өтінім берілген. Бұл ретте Қарақоңыр ауыл округінен мүлдем өтінім тапсырылмаған.
2025 жылға аудан бойынша 282,8 мың тн мал азығын жинау жоспарланған, бүгінгі таңда жиналғаны 80,8 мың тн (28,6 %) о.і жоңышқа 75,0 мың тн, табиға шөп 5,8 мың тн, сабан 0,9 мың тн. Жоспар жоңышқа дақылының 2,3- ші орымымен жүгері паясының есебінен толығымен орындалатын болады.
Сонымен қатар 250 га күздік бидай орылып, 35 цн/га 875 тонна астық жиналды. Қазіргі таңда 1,5 мың тн бақша дақылы, 50 тн көкөніс жиналған.
Өздеріңіз байқап отырғандай ауыл шаруашылық салалары бойынша бірқатар тапсырмалардың орындалуында жайбасарлық бар екендігі анық аңғарылып тұр. Алайда, аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық берілген тапсырмаларды жыл соңына дейін толық орындаймыз деп бекініп отыр. Бірнеше жылдан бері аталмыш саланың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген тәжірибелі басшының уәдесіне сенім артып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейік.
«Отырар-ақпарат».