БІР ҰШҚЫН ҮЛКЕН АПАТТЫҢ БАСТАЛУЫНА СЕБЕП БОЛУЫ МҮМКІН, ӘСІРЕСЕ ОРМАН, ДАЛА ЖӘНЕ САЯБАҚ АУМАҚТАРЫНДА ӨРТ ҚАУПІ ЖОҒАРЫЛАҒАН КЕЗЕҢДЕ.

72

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл — 117 гектар аумақты қамтитын, бірегей өсімдіктер әлемі мен сирек кездесетін ағаш түрлері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Іс-шара барысында шамамен 20 маман келушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, 100-ге жуық адамға ақпараттық жадынамалар таратылды. Ашық от жағуға, құрғақ шөп пен қоқыс өртеуге тыйым салу, сондай-ақ желді ауа райындағы қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды.

Өрт қаупі жоғары маусымға дайындық аясында саябақ аумағында алдын алу жұмыстары жүргізілді: шамамен 4 км минералданған жолақтар жасалып, 3 гектарға жуық аумақ тазартылды.

Табиғатты сақтау және өрттің алдын алу — әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Бір ғана ұшқын үлкен апаттың басталуына себеп болуы мүмкін. Әсіресе орман, дала және саябақ аумақтарында өрт қаупі жоғарылаған кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.

Құрғақ шөп пен өсімдік жамылғысы отты тез қабылдап, жалынның қысқа уақыт ішінде үлкен аумаққа таралуына жағдай жасайды. Сондықтан табиғат аясында демалған кезде от жағу ережелерін қатаң сақтау, сөндірілмеген темекі тұқылын немесе сіріңкені жерге тастамау қажет.

Автокөліктен шыққан ұшқын, бақылаусыз жағылған от немесе тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерде өртеу де дала және орман өртінің туындауына себеп болуы мүмкін.

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау арқылы біз табиғи аумақтарды, қоршаған ортаны және ең бастысы, адам өмірін қауіптен қорғай аламыз.

Өрттің немесе түтіннің белгілерін байқаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз. Қауіптің алдын алу – оны жоюдан әлдеқайда маңызды.