ХҚТУ-ДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТІП ЖАТЫР

29

Түркістан қаласында ХҚТУ-да «Этностар арасындағы ынтымақтастық: елдің даму кеңістігіндегі рөлі» атты «дөңгелек үстел» өтіп жатыр.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында этносаралық келісім мен ынтымақтастықты арттыруға, түрлі этникалық топтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін сыйлауды насихаттауға, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында жоспар-жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Аталған жиында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Әлеуметтік мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов модераторлық етті.

Келелі жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова, “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің директоры Медет Халықов, сондай-ақ Түркістан облысы прокуротурасының, облыстық полиция департаментінің, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілідері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары, өңірлерден келген қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен белсенді мүшелері, “Ассамблея жастары” РҚБ Түркістан облысы өкілдігінің белсенді мүшелері, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушы-профессорлары және студенттер қатысып отыр.

Іс-шарада елдің даму кеңістігіндегі этностардың рөлі, олардың экономика, білім беру және мәдениет саласындағы ықпалы туралы түрлі баяндамалар оқылды. Қатысушылар өз тәжірибелермен бөлісіп, этносаралық ынтымақтастықты нығайту үшін нақты ұсыныстар жасады.