ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ САЯСАТТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері мен салалық басқарма өкілдері қатысып, отбасы институтын нығайту, гендерлік саясатты дамыту және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылады.
Күн тәртібінде отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыру, отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының орындалу барысы туралы баяндамалар тыңдалды.
Комиссия мүшелері 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын шараларға басымдық берді.
Жиын соңында, 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның алғыс хатымен қалалық комиссияның белсенді мүшелері марапатталды.