“ЯСАУИТАНУ-2022” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

524

Түркістан қаласында “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен дәстүрлі “Ясауитану-2022” республикалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтау, Қожа Ахмет Ясауидің бүгінгі ұрпаққа қалдырған баға жетпес мұраларын, хикметтерін насихаттау.

Байқауға Шымкент қаласы бойынша іріктеу кезеңінен өткен N1 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Ниязхан Рамазан,

N62 жоббм 8-сынып оқушысы Таниберген Жанел,

N82 жоббм 11-сынып оқушысы Қонарбай Қарақат қатысты. Нәтижесінде N82 жоббм 11-сынып оқушысы Қонарбай Қарақат 4-орынға тұрақтап, ынталандыру сыйлығына ие болса, N62 жоббм 8-сынып оқушысы Таниберген Жанел 3-орныды қанжығасына байлап, қаржылай сыйлықпен марапатталды, сондай-ақ Х.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің теология факультетіне гран ұтып алды.