ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖИЫНЫ ӨТТІ

688

Бүгін Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы, Бекжанов Берік Айдарбекұлымен және Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлымен кездесу жиыннын өткізді.

Жиын ашық сұхбаттасу пікір алмасу форматында өтіп, кеңес мүшелері тарапынан өңірдің өзекті мәселелері ашық жеткізіліп, талқыланды.
Айтылған барлық ұсыныс пікірлерді ескерген мәжіліс депутаттары шешімін табуда тиісті жұмыстар атқаратындықтарын, қашан да қоғам үніне құлақ асып, ашық сұқбатқа дайын екендіктерін жеткізді.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының орынбасары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Қоғамдық кеңес мүшесі — Тулегенов Бекайдар Мусаевич төрағалық етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды тапсырған болатын.

Бұл билік пен қоғам арасындағы тұрақты диолог орнатуға, мемлекеттік органдардың шешімі жөніндегі ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуына мүмкіндік береді.
Осы тұжырымдаманы іске асыру бағытында республикалық маңызға ие қаламыздың Қоғамдық кеңесі өз жұмысын тиісті деңгейде атқарып келеді.

ARA-ақпарат