АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ»

19

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлімдердің және мекемелердің басшылары қатысты.

Алғашқы болып баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова индустриялық аймақтағы жобалар мен индикаторлық көрсеткіштердің 6 айдағы орындалуы туралы мәлімет берді.

Өз кезегінде аудан әкімі кейбір ауыл округтерде жеке инвестициялық жоспар көрсеткіштерінің төмен екенін сынға алып, орындалуына нақты мерзім белгілеуді тапсырды. Орындалмаған жағдайда ауыл әкімдеріне тиісті шаралар көрілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, салалық бөлімнің басшысына индустриялды аймақтағы инфрақұрылымға (су, электр энергиясы және т.б.) қатысты мәселелерге талдау жүргізуді және кемшіліктер анықталған жағдайда оларды бір айдың ішінде ретке келтіруді міндеттеді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы индикаторлардың орындалуы туралы аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы

Берік Алтынбеков баяндама жасады.

Ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі даму жоспарының индикаторлық көрсеткішіне сәйкес, жылдың қорытындысымен 83,2 млрд.тг.жеткізу жоспарланған. Мәселен, қаңтар-сәуір айларында ауылшаруашылық өнімінің көлемі 12,3 млрд.тг.орындалған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда

1,9 млрд.тг.артық. Ал, бес айдың қорытындысымен көрсеткішті 15,7 млрд.тг.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Аудан әкімі бес айдың қорытындысымен ауылшаруашылықтың және тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестиция тартуда жұмыстың баяу екенін ескертіп, ауыл әкімдері мен салалық бөлімге бірқатар нақты тапсырмалар берді. Одан бөлек тамшылатып суғару жүйесін ендіру жоспарын орындауда салғырттық танытқан Бадам, Бөген ауылдарының әкімдеріне ескерту жасады. Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысына ауыл округтердің әкімдерімен бірлесіп жаңбырлатып суғарудың тиімділігі және аталған жүйені ендіруде мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер туралы шаруалармен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар ауылшаруашылық техникаларын жаңалау, мал, егін және құс шаруашылығының жоспарларын орындау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

Мәжілісте қаралған үшінші мәселе бойынша, яғни ауылдық округтерді абаттандыру, көгалдандыру, ғимараттардың қасбеттерін реттеудегі кемшіліктер туралы аудан әкімі аппаратының басшысы

Жұманәлі Кәдиев баяндама жасады.

Аудан әкімі елді мекендердегі санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру мәселелері күн тәртібінен түспейтінін айтып, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысына ауыл округтердің әкімдерімен бірлесіп балалар ойын алаңшаларының жағдайына талдау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, көктемде отырғызылған ағаштарды күтіп ұстау (суғару, қоршау) бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін ерекше атап өтті.

Аудан орталығының санитарлық-тазалығы да сөз болып, ауыл әкіміне және полиция бөлімінің жауапты қызметкеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиында жауапты мамандарға өртке қарсы және шомылу маусымына орай тұрғындар арасында тиісті жұмыстарды (ескерту, түсіндіру) жандандыру және атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желі арқылы насихаттау тапсырылды.