ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЗАҢ КӨМЕГІ ТУРАЛЫ» 2018 ЖЫЛҒЫ 5 ШІЛДЕДЕГІ №176-VI ЗАҢЫНЫҢ 24-БАБЫН ОРЫНДАУ ҮШІН «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

71

«Е – Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі–«Е-Заң көмегі») әзірледі.

«Е–Заң көмегі» жобасының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегіне қол жеткізу, адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.

«Е-Заң көмегі» артықшылықтары:

  • «Е-Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы азаматтарға консультация беру кезеңінде тиімді құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі»;
  • адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің замануи құралдарымен қамтамасыз ету;
  • қорғаушы немесе өкіл ретінде өз міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау жөніндегі жұмыс процесін жеделдету;
  • онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсетуді және есепке алуды автоматтандыру;
  • сот пен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен Заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беру;
  • заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;
  • аң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді көшірме алу мүмкіндігі;
  • міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді алу мүмкіндігі);
  • адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мәліметтер сұрау бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
  • аумақтық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының веб-порталдарын жүргізу;
  • заңнамаға байланысты кез-келген мәселенің оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені, сондай-ақ ақпараттың үлкен көлемін талдау мүмкіндігі бар анықтамалық-құқықтық жүйе.