Барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтары маңызға ие
Түркістан облысының тұрғындарының назарына қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту барлық дамыған елдерде бар қағидат екендігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мемлекет дамуының идеологиялық негізі болып табылатын зайырлылық – осы! Біздің еліміздің жағдайында бірден-бір ыңғайлы, әмбебап әрі тарихи тұрғыдан қалыптасқан мемлекеттік сипаты. Сондықтан оның насихатталуы мен нығаюы қоғам тұрақтылығына сөзсіз игі әсер етеді. Осыдан туындайтын ақпараттық-ағарту жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелеріне зайырлылық және дін мәселелері жөнінде сараланған, дұрыс, жүйелі, негізді көзқарастар қалыптастыру болуға тиіс. Дұрыс ақпаратпен қаруланған қоғам жүрер жолынан адаспайды, өмірлік бағыт-бағдарын өзі таңдайды.
Халқымыздың заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, үлкенге құрмет кішіге ілтипат, отбасында, қоғам ортасында мәдениетті сөйлеу қарым-қатынасына айрықша баға берген. Ел басқару ісіне де жіті мән беріп, қазақтың билері, ақсақалды қариялардың айтқан қасиетті сөздері, нақылдары, өсиеттері ел арасына кеңінен тарап, Конституция баптарындай бағыт беріп отырған. Біздің Ата Заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі», – деп нақты жазылған. Осы себепті қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыруға құқы бар. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен адам өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенуіміз керек. «Адамның күні адаммен» дейді атамыз қазақ.