ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

186


Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды.
Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның сыйымдылығы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады.
Шымкентте 1969 жылы салынған бір ғана стадион 18 мың адамға лайықталған. Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілкті халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмді дамытуға да ерекше серпін береді.