Бей-берекет қоқыс тастағандарға айыппұл салынатын болады

466

Абай ауданы аумағындағы 4 шағын ауданында орналасқан қоқыс контейнерлеріне жеке сектор тұрғындары тарапынан жеңіл көліктермен келіп қоқыс тастау фактілері жиі орын алуда. Бұл өз кезегінде қоқыс контейнерлердің мерзімінен бұрын толып, айналасы бей-берекет қоқыстарға толып, тұрғындардың наразылығын тудыруда.

Осыған орай, аудан әкімі аппаратының мамандары экология полициясымен бірлесе рейдтік іс-шара өткізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған қоқыс контейнеріне жеңіл көлікпен келіп, бей-берекет қоқыс тастаған 2 азаматқа айыппұл салынды. Алдағы уақытта қоқыс тастамау туралы ескертілді.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында бей-берекет қоқыстардың алдын алу бойынша әр ауданға экология полициясы берілген болатын. Соның ішінде Абай ауданына қалалық полиция департаментінен 4 экология полициясы бөлінді. Алдағы уақытты экология полициясы тиісті жұмыстар жүргізетін болады. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, қадағалануда.