ЖАҢАРҒАН КІТАПХАНАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ДЕПУТАТТАР КӨРДІ

535

Шымкенттің бір мақтанышы Әл-Фараби кітапханасы екені даусыз. Ұлы ойшылдың есімін иеленген кітапхана көріктілігімен көз тартады. Қала бюджеті есебінен 170 млн теңге бөлініп, кітапхана заманауи үлгіде жаңартылып, түгелдей жаңғыртылды. Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, “Нұр Отан” партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев пен Наргиза Керімбаева және БАҚ өкілдері “Әл-Фараби кітапханасының” бүгінгі жай-күйімен танысты. Кітапхана директоры Дәурен Дүйсебаев оқырманға ыңғайлы орта жасау бағытында атқарылған жұмыстарды айтып берді. Бюджеттен бөлінген ақшаның мақсатты жұмсалуын қадағалаған халық қалаулылары кітапханашылармен ғана емес, оқырмандарменде жеке-жеке тілдесіп шықты. Кітапхана жанынан ашылған балалар лагерінде біраз бала тынығып жүргенін көрдік. Кітапхана директоры Дәурен мырза депутаттарға табыс табу жобаларының там-тұмдап жүзеге асырыла бастағанын айтты. ”Кітапханаға келіп, музейге кіргендейсің…” деген сөз ып-рас!
Сөйтіп, бұл кітапхананың оқырман саны 18000 мыңнан бүгін тағы екі оқырман-депутатқа артты.
Ерсұлтан Әмірбек
Журналист